Шымкентте екі мыңға жуық көгершін көрмеге шығарылды
Іс-шараға Өзбекстан, Қырғызстан мен еліміздің әр өңірінен, құс өсірушілер қатысты.
Кірпияз кептерлерді үй жағдайында көбейтетіндер, оның сұлулығына мән береді. Сондықтан кұстың қанаты мен тұмсығы, түрлі түске боялған қауыр-сындары талапқа сай болуы керек,-дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ құстардың нарықтағы бағасына талдау жасалып, ең қымбат көгершін таңдалды. Ол 10 мың АҚШ долларына бағаланды. Қатысушылар халықаралық дәрежедегі көрме, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді,-дейді. Ұйымдастыру алқасы олардың өтініш-тілегі бойынша, жылына бір рет Шымкентте көрме өткізуді жоспалап отыр.
Ұлжан Жұматайқызы, зоотехник:
- Көрмеге тек ғана Қазақстан емес, Өзбекстан, Бішкек және еліміздің түкпір-түкпірінен келіп жатқан 1500-2000 жуық бас түрі көрмеге қойылып отыр.