Қарағандыда үзілген электр желілері қалпына келтірілді
Қарағандыда коммуналдық қызмет мамандары үзілген электр желілерін түні бойы қалпына келтірді.
Қатты желдің салдарынан қаладағы 26 көше жарықсыз қалған болатын. Жөндеу жұмыстарына 9 бригада жұмылдырылған. Синоптиктердің айтуынша айналасы бір сағаттың ішінде жаңбырдың айлық мөлшері жауып, суағарлар толып кеткен. Бейнелеу өнері музейінің қорындағы құнды жәдігерлерді қауіпсіз жерге көшіруге тура келген. Дүлей дауыл 4-ші мектеп-интернаттың шатырын көтеріп кетті. Сынған бөлшектер жол бойындағы екі көліктің үстіне түскен. Өңірде бүгін де жауын-шашын болып, қатты жел тұрады деген болжам бар.