200 мың елордалық волонтёр жануарларға күтім жасауды үйренді
Елордалық волонтёрлер панажайларды аралап, ит-мысыққа күтім жасауды үйренді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Үй жануарларына азық беру, залалсыздандыру, екпесін салу, техникалық қауіпсіздік, алғашқы ветеринариялық көмек бойынша алған теориялық білімін іс жүзінде сынады.
Жалпы ел бойынша 200 мыңға жуық белсенді жас 1 айдың ішінде зооволонтёр болудың онлайн және офлайн курсынан өткен.
Айта кеткен жөн, бас шаһарда барлығы 10-ға жуық панажай ресми түрде тіркелген. Орта есеппен әр панажайда 200-300 ит-мысық бар.
Дархан Сұлтан, волонтёр:
- Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Біргеміз, аяла» жалпыұлттық жобасының аясында біз зооволонтерлер мектебін өткіздік. Жоба аясында 30 шағын грант қарастырылған. Әрбірінің сомасы 300 мың теңгені құрайды. Жалпы көлемі – 9 млн теңге. Ол жоба аясында волонтерлер өздері жоба жазып, 300 мың теңге ұтып алып, осындай жануарлар үйіне тікелей көмек көрсетеді.