Жамбыл облысындағы онкологиялық орталықта заманауи қондырғы орнатылды

Ағзаның кез келген жерінде орналасқан ісікті анықтап, емдеуге мүмкіндік береді.

Жамбыл облысындағы 200 орындық жаңа онкологиялық орталықта Elekta Versa HD деп аталатын заманауи қондырғы орнатылды. Медициналық нысанға ат басын бұрған Премьер-министрге осы аппарат көрсетілді. Бұдан бөлек, орталық басқа да заманауи құрылғылармен жабдықталған. Оның ішінде компьютерлік томография, МРТ, цифрлық маммография, рентген аппараты және тағы басқалары бар. Әлихан Смайылов өңірде заманауи онкологиялық орталықтың ашылуы өте қажетті әрі дұрыс қадам болғанын айтты. Себебі медициналық орталық қатерлі ісікті ерте анықтап, уақытылы емдеуге мүмкіндік береді.

Ерік Мұсабаев, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Жамбыл облысында 8,5 мың онкологиялық диспансерде онкологиялық аурумен есепте тұрады. Біздің онкологиялық орталық 90,4%-і медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ол үлкен дәрежеде көрсетілген. Орталығымызда 279 жұмыскер жұмыс істейді, 52 дәрігер оның ішіндегі 70%-і жоғары санаттағы саналады.