СҚО-дағы мектептерде өрт қауіпсіздігі сақталмай келген

Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептерде өрт қауіпсіздігі сақталмай келген.

Төтенше жағдайлар қызметі бірінші жартыжылдықта 418 оқу ордасын тексерді. Сөйтсе, білім ошақтарының бірде – біреуі талапқа сай болмай шықты. Білім беру ұйымдарында бас – аяғы 4 мыңға жуық кемшілік анықталды. Ол: дабыл беру жүйесінің істемеуі, эвакуациялық жолдардың болмауы мен электр қондырғылардың ретсіз пайдалануы. Бір қызығы, мектеп директорлары бұл ақауларды жоюға асықпайды. Сол себепті 40 адамға қатысты әкімшілік хаттама толытырылып, айыппұл салынды. Енді оларға жаңа оқу жылына дейін уақыт беріледі. 

Данияр Қалелов, облыстық ТЖД басқармасының бас маманы:

- Сотқа ұйығарымды орындмаған 39 мектепке қатысты материал жолданды. Оның қорытындысы бойынша, 10 млн. теңгеден аса сомаға айыппұл салынды. Ал 13 мектеп анықталған кемшіліктерді жою үшін бір айға жабылды.