Ұлытау облысында автодром салынады

Ұлытау облысында жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыратын орталық пен арнайы автодром жоқ.

Тұрғындар емтиханды 650 шақырым жердегі Қарағандыға барып тапсырып жүр. Алайда, тамыздың 8-нен бастап куәлік алу нормалары өзгергені белгілі. Онда теориялық сынақтан сәтті өткен адам үш мәрте практикадан сүрінсе, қайтадан тест тапсыруы керек болады. Бұл алыстан қатынап сынақ тапсыратын ұлытаулықтар үшін қиындық тудырды.

19 жастағы Ғалымжан бүгін алғаш рет жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсырған. Сынақ сәтті өтіп, теориялық тапсырманы түгел орындапты. Енді практикалық тұрғыда көлікті тізгіндеп, жол ережесін бұзбаса, тиісті құжаты қолына тиеді. 

Ғалымжан Ақышев, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Жақсы, 40 тан 37 алдым. Бес күн үйде дайындалдым. Официальный ПДД КЗ деген сайттан.

Алайда бұл залдағы әркімнің жолы Ғалымжандыкіндей бола бермейді. Сондықтан кейбірі араға апта салып қайта келуге мәжбүр. Күніне кемі 120 адам емтихан тапсырады. Залда 12 компьютер бар екенін ескерсек, бір жұмыс күнінде лек-легімен 10 топ бақ сынайды.

Қуаныш Қаратай, емтихан қабылдаушы:

- Кейде компьютер, свет өшіп қалады. Ондай кездерде ол переприем жасай алады. Құлады деп саналмайды ол. Көбісі статистика бойынша 2-3 рет тапсырған соң барып өтеді. Білген адамға негізі оңай. Кейбір адамдар біріншірет тапсырады, оларға қиын енді.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында  аумақтық емтихан тапсыру залдары жабылғаны белгілі. Олар тек мамандандырылған ХҚКО-да бар. Салдарынан 400 шақырымнан келетін Балқаш қаласының тұрғындарын айтпағанда 650 шақырымнан

Ұлытау облысының тұрғындары да Қарағандыға келеді. Бұл бір келіп шешіле салатын мәселе емес. Сондықтан екі араға сабылудан өзге амал жоқ.

Аманжол Кәрімов, Ұлытау облысы ПБ ӘПБ басшысы:

- Жүргізу куәлігін алатын азаматтар емтиханның жартысын осында тапсыруға мүмкіндік бар. Яғни вождениені Қарағандыға тапсырады өйткені автодром жоқ. Екіншісін осында тапсырады. Ол жұмыс келер аптадан басталады.

Ұлытау облысының жергілікті билігі өзіндік автодром салу үшін жобалық-сметалық құжат дайын екенін айтады. Ол тиісті сараптамадан өткен. Алайда құрылыс жұмыстарын тек келер жылы бастауды жоспарлап отыр.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Нұржан Тәңірберген, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар