Қостанайда смарт-орталық ашылады

Қостанайда оқушыларға қосымша білім беру сапасы артады.

1300 балаға шақталған смарт-орталықта оқушылар түрлі бағыт бойынша білімін шыңдайды. Жаңа оқу жылында ашылатын нысанда робототехника, бағдарламалау кабинеттері, киберспорт залы, ландшафты дизайн студиясы және бірнеше зертхана болады.  Өңірде жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаттары жаңа орталықтың құрылысымен танысты. Инновациялық орталық оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және жоғары оқу орындарымен, ғылыми институттармен сондай-ақ кәсіпорындармен серіктестікті нығайту секілді бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді.

Еркін Әбіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қостанайда алғаш рет ашылып жатыр. Жаңа аралап қарап шықтық. Өте жақсы орталық болады деп ойлаймыз. Бұл жерде болашақ Қазақстанның экономикасын дамытатын салаларда алғашқы қабілеттілікті беретін орталықтың бірі. Мақсат – балалардың оқу процесін өндіріспен, Қазақстандағы ғалымдармен байланыстыру. Өндіріспен ғылымды байланыстыратын, білімді байланыстарытн орталық қылу керек осы смарт-орталықты.