Қазақстан Халықаралық кинологтар федерациясына енді

Қазақстанның кинологтар одағы Халықаралық кинологтар федерациясына толыққанды мүше болып қабылданды.

Біздің елдің өтінімін Женевадағы Ұйымның Бас ассамблеясына кіретін 77 мемлекеттің 72-сі қолдап, дауыс берді. Бұл қадам қазақтың тазы мен төбетін тіркеуге құқық береді. Кинологтарымыз осы шешімді қабылдату үшін 20 жылдан астам уақыт әрекет еткен. Енді Стандарттар жөніндегі комиссиямен бірлесіп, Қазақстанда Тазы мен төбеттің ұлттық орталығын ашу бойынша жұмыс жүргізілмек.