Абай облысында екі жылда 700 мың шаршы метр тұрғын үй салынды

Абай облысында екі жылда 700 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

Әлеуметтік жағдайы осал отбасыларға 905 пәтер беріліп,  4 жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы осы өңірде барған «AMANAT» партиясының өкілдері мәлімдеді. Жиында партияның 2021-2022 жылдарда атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы жоспары бекітілді. Сондай-ақ партияның қалалық, аудандық филиалдарындағы Саяси кеңестердің жаңа құрамы сайланды. Айта кетейік, биыл бұл құрамның тең жартысынан астамы, яғни 55%-ы қайта жаңарды. Оның ішінде, жастар – 27%-ды, әйелдер 42%-ды құрады.

Мерей Қарт, Қазақстан Жазушылар одағы Абай облыстық филиалының төрағасы:

"AMANAT" партиясы өкілдері ақсақалдармен кездесті

Ал өңір ақсақалдарымен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде партиялықтар тарихи мұраны сақтау, мемлекеттік тілді қолдау, жаңа заман әдебиетін дамыту және тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру шараларын талқылады.

Орал Шәріпбаев, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті: