Көпбалалы ана шағын сүт өңдеу цехын дөңгелетіп отыр
Жамбыл облысында көпбалалы ана шағын сүт өңдеу цехын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
Сайра Тілеумаханова бүгінде 6 түрлі өнім шығарады. Тауарларға сұраныс жоғары.
Абай ауылының тұрғыны Сайра Тілеумаханова өз кәсібін 4 жыл бұрын бастаған. Май шайқап, айран ұйытқан кәсіпкер сол жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 5 миллион теңге грант алды. Сөйтіп сүт өңдеу цехының құрал-жабдықтарына қол жеткізді.
Сайра Тілеумаханова, жеке кәсіпкер:
- 2019 жылдан бері бастадық. Бір күнде біз қалдырмай, тоқтатпай жұмыс істеп жатырмыз. Тіпті короновирус аруы кезінде де тоқтатқан жоқпыз. Күніне біз 200-300 литр айран шығарамыз. Сүтіміз бар 100 литр. Және қаймақтан 30-40 қаймақ шығарамыз.
Жеке кәсіпкер 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіптен өзі ғана емес, ауылдастарының да табыс табуға мүмкіндігі бар. Ауыл тұрғындары сауған сиыр сүтін, осында литрін 200-250 теңгеден өткізеді. Десесе шалғайдағы елді мекенде бизнес жүргізудің өзіндік қиыншылықтары да бар.
Сайра Тілеумаханова, жеке кәсіпкер:
- Заттаңбасына дейін Алматыдан әкелеміз. Бөтелкенің бәрін Алматыдан әкелеміз. Өйткені бізде Шу ауданында ондай майда жазу шығармайды. Және ыдыс шығаратын да ондай зауыттар жоқ. Бізге сол жағынан кішкене алыстау болады транспорт бойынша. Әрі біз осы өнімдерді дайындаймыз. Бізге алыс жаққа шығарғанға кішкене алыстау болады. Өйткені бізде салқындатып жүретін көлік жоқ.
Сүт өңдеу цехында өнімнің 6 түрі өндіріліп жатыр. Тауарлары әзірге Шу ауданы мен көршілес Мойынқұм ауданына сатылымға шығарылады. Сайра Тілеумаханова «кәсібін кеңейтіп, цехты автоматтандыру үшін мемлекеттен қолдау болса», - дейді.
Болатжан Төлендиев, Шу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімІнің басшысы:
- Атамекен кәсіпкерлік палатасымен бірге жұмыс жасап, Есті сертификатын алып берілді. Ол енді өзі мемлекеттік сатып алу бағдарламасына қатысып, осы Шу ауданындағы мемлекеттік мекемелерге балабақша, мектептерге сүт өнімін келісімшарт арқылы жеткізетін болады. Шағын өндірістік цех жобаларын жүзеге асыру үшін осы қазан айында 27 млн тг 2,5 пайызбен 5-7 жылға несие берілетін болады.
Шу ауданында 10 мыңнан аса кәсіпкерлік нысаны бар. Басым бөлігі сауда-саттық пен ауыл шаруашылығымен айналысады. Оларға мемлекеттік бағдарлама арқылы субсидия мен жеңілдетілген көмек қаржы берілуде. Биылдың өзінде 800 ден аса кәсіпкерлік нысаны жеңілдетілген несие алған.
Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Бақытжан Бапаев