Павлодар облысында күзгі орақ науқаны басталды
Дәнді-дақылдарды жаппай ору астықты аудандарда қарқын алды.
Жаздағы құрғақшылықтың кесірінен биылғы түсім әр гектардан бес центнерден аспайды. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе төмен. Мамандардың айтуынша, қолайсыз климаттық жағдай үш астықты аудандағы өнім сапасына кері әсерін тигізген. Қазір ерте пісетін картоп алқаптары жиналып, мал азығы да дайындалып жатыр. Аймақ шаруаларына қыстан аман шығу үшін 1,2 миллион тонна жем-шөп қажет. Осы күнге дейін оның 400 тоннасы дайындалды.
Есентай Мұрсәлімов, ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруашылықтар біздің бақылауда. Күйіп кеткен алқаптардың көлемі анықталып жатыр. Мемлекет тарапынан көмек болуы үшін нақты шығын көлемі есептелуі керек. Кейін тиісті шаралар қолданамыз. Құрғақшылық дәнді және майлы дақылдардың сапасына да әсер етті.