Балалар Ішкі істер министрінің қабылдауында болды
Көп балалы және жалғыз басты полиция қызметкерлерінің балалары Ішкі істер министрлігінде қонақ болды.
Бүлдіршіндерді ведомство басшысының өзі қабылдады. Іс-шара Білім күні қарсаңында ұйымдастырылды. Еліміздің бас полицейі балаларға қауіпсіздік шараларын айтып, интернеттегі қауіп-қатерді ескертті. Балаларға ведомство атынан планшеттер тарту етілді. Тәртіп сақшылары гаджеттерге 102 мобильді қосымшасын жүктеп, оқушыларға оны қандай жағдайда және қалай қолдануға болатынын түсіндірді. Кішкентай қонақтар жедел басқару орталығында түрлі жобалармен танысып, арнайы ұйымдастырылған көрмеде техниканы көре алды.