Елімізде көлік министрлігі қайта құрылады
Президент бұл ведомствоның жол инфрақұрылымын салумен айналысатынын айтты.
Себебі қазір жолдардың сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақытылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мемлекет басшысы мұның бәрі осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер деп атап өтті. Енді міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласының ішкі жалпы өнімдегі үлесі үш жыл ішінде 9 пайызға жетуге тиіс, - деді. Елде 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жол күрделі жөндеуден өтеді. Президент сондай-ақ темір жол, теңіз портын жаңа қарқынмен дамыту қажеттігіне назар аударды.