Астанада Білім күніне орай концерт өтті
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық зерттеу университетіне 3 мыңнан астам талапкер қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның 541-і ақылы бөлімге түскен. Қалғандары – мемлекеттік гранттың иегері. Биыл тегін оқуға түскендерлдің саны былтырғыдан 400-ге көп. Қазір университетте 8 факультет жұмыс істейді. Білім күніне орай бүгін онда ашық аспан астында ерекше концерт өтті. Шараға Мәжіліс депуттары мен оқытушылар және 1 курс студенттері қатысты.
Таңсауле Серіков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Алғашқы рет Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агро-техникалық университетіне 2000-нан астам студент түскен екен. Жалпы Президентіміз өз Жолдауында айтып өтті ғой, «ауыл шаруашылығы серпілісті қажет етеді деп. Жаңа серпілісті, Жаңа Қазақстанды құру процесіндегі орны бар деп. Соның айғақ көрінісінің бірі.