Жамбыл облысында су қоймаларының жобасы жасалып жатыр

2040 жылдарға қарай елдегі су тапшылығы 15 миллиард текше метрге дейін жетуі мүмкін.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында айтты.  Әрі біздің ел трансшекаралық су көздеріне тәуелді. Сондықтан ауыл шаруашылығында суды үнемдеу қажеттігі туындап отыр. Президент бұл үшін арнайы технологияларды енгізу керектігін айтты. Осындай шаралар әсіресе қуаңшылық жиі болатын Жамбыл облысында өзекті. Қазіргі таңда жергілікті билік  3 ірі және 11 шағын су қоймасының жобасын жасап жатыр. Сонымен қатар, артық шығынды азайту үшін каналдарды бетондау жұмысы басталады. Жалпы өңірдегі 57 мың гектар егістік алқапта су үнемдеу технологиясы қолданылады. Көлемін арттыру мақсатында алдағы 3 жылда 700-ге жуық ұңғыма қазу жоспарда бар. Дегенмен, мамандар жер асты суларын қайта зерттеу  керектігін айтып отыр.

Шәкір Момынқұлов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Біздің облыста жер асты суларының пайдалануға бұрынғы деректер бойынша 600 млн кубқа дейін пайдалануға болатыны нақтыланды. Зерделеу жұмыстары бұрын 40-45 жыл бұрынғы зерттеген зат болғандықтан зерттеу жұмыстары жүргізілгендіктен бүгінгі таңда ғылыми-зерттеу институттары нақтылап зерделеп, қанша гектар алқапқа қанша су алынатынын, қаншалықты ол судың жеткілікті көлемін, бізге мәлімет берсе, біз соған сәйкес жұмыс атқаратын боламыз.