АӨК өнімінің экспорты 5% өсті
Еліміздегі агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға өсті.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Алғашқы жартыжылдықта өсімдік шаруашылығы өнімінің экпорты 1,5 миллиард доллардан асты. Ал мал шаруашылығы экспорты 80 миллион долларды құрады. Сыртқы нарыққа шығатын үздік тауарлардың тізімінде бидай, ұн, күнбағыс майы, зығыр тұқымы және арпа бар.