Көкшетау тұрғындары жылуға 137 млн теңге қарыз
Көкшетау қаласының тұрғындары жылуға 137 млн теңге қарыз, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның 36 млн теңгесін заңды тұлғалар өтеуі тиіс. Шаһарды жылумен қамтып отырған мекеменің мамандары ескерту шараларымен шектеліп қоймай, қатаң шара қолдануға мәжбүр. Бірнеше ай қарызын төлемеген абоненттердің ісі сотқа жіберілді.
Жалпы қазір қаланың коммуналдық мекемелер жылыту маусымына 80% дайын. Биыл өңірдегі жылу қазандықтарын жаңғыртуға жергілікті қазынадан 3,2 млрд теңге бөлінді.
Самат Сматаев, «Көкшетау жылу» филиалының директоры:
- Қарызы көп тұрғындарды жылудан ажырату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 11 заңды тұлға мен жеке сектордағы 15 үй жылудан ажыратылды. Сондай-ақ сот арқылы олардың мүліктерін ареске алынды.