Жезқазғанда үздік жастар марапатталды

Жезқазғанда түрлі салада ерекше еңбегімен дараланған жастарға «Ұлар» сыйлығы табыс етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондаған үміткердің арасынан үздік шыққандар арнайы диплом мен қаржылай сыйлыққа ие болды. Алғаш рет өткен шараның  мақсаты – білімді жастарды ынталандыру. Оқу және кәсіп жасау үшін өзге өңірлерге барып жатқан азаматтарды жергілікті жерде тұрақтандыру. Осылайша, өндірісті шаһарды келешекте жастар қаласына айналдыру көзделіп отыр. Бұл жолы үздіктер 10 аталым бойынша анықталды.

Сәкен Қайратов, «Үздік көшбасшы» аталымының иегері:

- Облыс болғалы бері ең алғашқы жүлдеміз. Бұл біздің алдағы ісімізге, атқарар жұмыстарымызға ынта деп білем.

Қайрат Шайжанов, қала әкімі:

- Осымен шектелмейміз. Жас кәсіпкерлердің арасында, білім саласында, медицина саласында, қоғамдық тамақтану саласында осындай сайысты ұйымдастырмақшымыз. Ұлытау облысына жастарды шақырамыз. Мүмкіндік мекені, жастарға бүкіл жағдайды жасауға біз дайынбыз.