АЭС: референдум тұрғындар пікірін білуге мүмкіндік береді
Атом электр станциясы бізге керек пе?
Көп ұзамай бұл сауалға тұтас халық болып жауап береміз. Қоғам пікірін қақ жарған өзекті мәселенің түйінін жалпыұлттық референдум арқылы тарқату билік пен бұқараның байланысын арттырады. Осының арқасында соңғы таңдау тұрғындардың өзінде болады. Сарапшылар осылай дейді. Олардың пікірінше, референдумға дейін қоғамдық тыңдау өткізу керек. Сол арқылы қалың қараша мамандардың ойын біліп, нақты шешімді қабылдай алады.
Айдын Бакдолотов, Экономикалық зерттеулер институты Климаттың өзгеруі орталығының директоры:
- Референдум арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді халық таңдауы арқылы шешеміз. Бізге атом электр станциясы керек пе? Осы мәселенің басын ашып, бұқараның жауабын біле аламыз. Мамандар пікірі де маңызды. Халықтың барлығын сарапшы деп айта алмаймыз. Сол үшін қоғамдық тыңдау өткізіп, тұрғындарды ақпараттандыру керек.