Ақтөбеде спорт мектебінің футбол алаңы жаңартылады
Ақтөбедегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңы жаңартылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тозығы жеткен жабындыны ауыстыру жұмыстары осы аптада басталуға тиіс. Қазақстан футбол федерациясымен бірлесе жүзеге асырылған реновация жобасы бойынша УЕФА 130 млн теңге бөлген. Қазір мұнда жергілікті клуб академиясының 500-ден астам жеткіншегі тәлім алады.
Жалпы өңірде футбол үйірмелеріне сұраныс жоғары. Облыс орталығында шамамен 2 мыңға жуық оқушы тұрақты түрде осы спорт түрімен шұғылданады.
Евгений Гончаров, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
- Соңғы үлгідеге жасанды көгал төселеді. Италиядан алдырып жатыр. Бұдан бөлек, 200 тонна кварц құмы жеткізіледі. Еліміздегі ең сапалы футбол алаңының бірі болады. Өте қуаныштымыз. Алдағы жылы тағы 3 футбол алаңын жөндеу жоспарланып отыр.