Елімізде АЭС салу туралы референдум биыл өтуі мүмкін
Елімізде атом электр стансасын салу туралы референдум биыл өтуі мүмкін.
Маңызды шараға Орталық сайлау комиссиясы тас-түйін дайын. Бұл жайында комиссия мүшесі Шавхат Өтемісов журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. 1 қыркүйектегі жолдауында Мемлекет басшысы атом электр стансасын салу мәселесін референдумда халық шешетінін айтқан еді.