Елордада Қазақстан ғылымының жай-күйі талқыланды

Ғылымға ынталы жастарды қолдау маңызды.

Бүгін Астанада қазақ ғылымының жай-күйі талқыланған жиын өтті. Оған өңір-өңірде медицина саласында сүбелі зерттеу жүргізіп жүрген жас дарындар қатысты. Бұл басқосуда ғалымдар өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, дайын жобаларын табысқа айналдыру мәселесін де бірге ойластырды. Әсіресе  жасанды интеллект көмегімен инсульттің алдын алу ұсынысы көпшілікті қызықтырып қойды.

Динара Қанатқызы, Президент жанындағы ҚР ҰҒА департаментінің бас сарапшысы:

- Медицина саласындағы жас ғалымдардың негізгі ұсынысы ол гранттық қаржыландырудың мерзімін ұзарту. Қазіргі таңда ол 3 жыл, оны 5 жылға дейін ұзарту, және де клиникалық зеріктеулерге, әсіресе фармацевтика саласындағы зеріктеулерге клиникалық зеріктеулерді жүргізу үшін гранттық қаржылардыруды бөлуді ұсынып отыр. Сонымен қоса тағы да көп кездесетін ұсыныстардың бірі - жас ғалымдарды әлеуметтік пакеттермен қолдау.