Қарағандыда дәстүрлі «Тіл жанашыры» сыйлығы тапсырылды

Осымен он бірінші рет ұйымдастырылған байқауға 35 үміткер қатысты.

Солардың арасынан іріктелген үздіктері «Тіл майталманы», «Мемлекеттік тіл – бизнесте», «Үздік телехабар», «Жас полиглот», «Үздік оқытушы» секілді сегіз аталым бойынша марапатталды. Олар жыл бойы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан әр саланың мамандары. Жеңімпаздарға арнайы мүсін және қомақты ақшалай жүлде берілді. Ал жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.

Ольга Тим, "Тіл білгірі" аталымының жеңімпазы:

- Бүгінгі сыйлық мен үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Осы біздің облысымызда қазақ тіліне байланысты көптеген іс-шаралар өтеді. Мен осы іс-шараларға белсене қатысамын. Бүгінгі «Тіл жанашыры» сыйлығының жеңімпаздарын құттықтаймын.

Салтанат Әбеуова, Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

- 35 үміткерден 8 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Арнайы өзінің сараптама комиссиясы бар, екі рет өтеді. Сол бойынша іріктеліп, берілген құжаттары бойынша, ол кісілердің кейінгі 3 жылдың көлеміндегі жалпы осы тіл саласына қосқан үлесі, еңбектері сараланып, осы бойынша шешім қабылданды.