Қызылорда облысында екі аудан әкімі сайланады

Жергілікті мәслихат депутаттары Шиелі және Сырдария аудандарында пилоттық сайлау өткізу жөнінде шешім шығарды.

Қала, кент және ауылдық округ әкімдерін таңдау құқын халыққа беру – мемлекет басшысы белгілеген басты реформалардың бірі. 75 мыңдай сайлаушы тұратын Шиелі мен Сырдария аудандарын басқарудан үмітті кандидаттарды тіркеу 16 қыркүйектен басталады. Үміткерлер өзін-өзі және саяси партиялар атынан ұсынылады.

Әділбек Ерсұлтанов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлауды өткізу және ұйымдастыру 5 қараша күні өткізіледі. Аудан әкімдеріне дейін кент және селолық ауыл әкімдерін сайлау ұйымдастырылды. Оның нәтижесін қазір халық көруде. Биылғы жылдың өзінде облыста 21 ауыл әкімі сайланды. Енді жылдың аяғына дейін 33 ауыл және кент әкімдері сайланады деп күтілуде.