«Хабар» Агенттігінде жаңа маусым басталды
«Хабар» Агенттігі жаңа телевизиялық маусымда көзі қарақты көрерменге жаңа жобалар дайындады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Агенттік құрамындағы арналар мәдени-саяси бағдарламалермен толығып, жаңа отандық телесериалдар экранға шығады.
«Хабар» Агенттігі жаңа маусымда жаңа жобаларды паш етті. «Хабар» арнасы биыл көрерменге 7 жаңа жоба дайындады. Одан бөлек, 20 деректі фильм экранға шығады және отандық 12 телесериал көрсетіле бастайды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда екі есе көп.
Дана Мырзатай, «Хабар» арнасының бағдарламалық директоры:
- Жаңа бағдарламалар туралы айтатын болсам, «Оянған өлке», «Мәртебелі өнер» деген бағдарламалар бар. Кішкене «интрига» болсын, қысқа ғана айтып кетейін, «Мәртебелі өнер» – актерлар туралы жоба, «Оянған өлке» – әкімдер туралы жоба. Қызық болады, сондықтан көрермендерді Хабарды көруге шақырамын.
«Ел Арна» арнасында да жаңа жобалар экранға шығады. Жалпы эфирінің 40%-тен астамы Қазақфильм өндірістерінен, 30%-тен астамы «Хабар» Агенттігінің туындыларынан тұратын арна биыл жастар аудиториясына арналған бағдарламалар ұсынбақ.
Нұрбол Алманов, «Ел Арна» арнасының директоры:
- Биылғы маусымда Ел Арна 18 жаңа жобамен есігін ашып отыр. 18 жобаның ішінде «Жаңа қадам» жобасын ең басты жобаларымыздың бірі деп айтқым келеді. Одан бөлек, Кешкі лайф жастар жобасы бар. Ол да – өте ұтымды жоба. Ұлттық бағытта ат спортына, жалпы қазақ ұлттық спортына бағытталған жаңа жобамыз бар.
Айта кеткен жөн, жаңа жобалардан бөлек, былтырғы маусымда көрермен көңілінен шыққан бағдарламалар жалғасатын таппақ.
Авторлары: Әл-Фараби Серіков, Арман Ақшабаев.