Тағы да «Қазавтожол». Конкурс өткізбей қаржы бөлген
Көкшетауда «Қазавтожол» мекемесінің жұмысынан шикілік шықты.
Құзырлы орган «Жақсы-Есіл-Бұзылық» күре жолы мен жаңа көпір салуға мемлекеттік конкурс өткізбеген. Ал заңсыз жолмен анықталған мердігердің шотына 200 млн теңге көлемінде алдын ала ақша аударылған. Жобаның жалпы құны 2,3 млрд теңге.
Бұл жағдайға қатысты «Қазавтожол» өкілдері көпірдің апатты күйде болуына байланысты шұғыл шара қолдануға мәжбүр болдық дейді. Дегенмен тексеріс нәтижесі мұны жоққа шығарды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тереу басталды.