Елордада ауыл шарушылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Елордада Қызылорда облысы ауыл шарушылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Өңір дихандары мен тауар өндірушілері 200 миллион теңге болатын 400 тоннадан астам өНімін ұсынды. Ондағы ақ күріш, ет, балық, құрт, ірішмшік пен қарбыз-қауын сауданы қыздырды. Және нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаланды. Сондай-ақ Сыр елінің бірқатар өнерпазы, концерттік бағдарлама ұйымдастырып, Астаналықтарды әнмен тербеді.

Серік Қожаниязов, Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары:

- Сыр елі болған соң күріш дейді, 140 мың тоннадан астам күріш алып келдік. Кезекке тұрып адамдар қазір қаптап алып жатыр. Сонымен қоса 260 мың тоннадан астам түрлі бақша өнімдерін алып келдік. Бізде 7 аудан бар. 7 ауданнан келіп отырмыз, сонымен қоса Қызылорда қаласынын.