Ақтөбе облысында 81 бала пилоттық жоба бойынша білім алып жатыр

Яғни оқушылар таңертең мектепте, ал түстен кейін колледжде оқиды.

Бұл жұмысшы мамандығын насихаттау бағытында қолға алынған қадам. Ойыл ауданындағы колледжде 30 оқушы, аптаның екі күнінде осындай жүйемен білім алады. Жалпы ауданда 214 студент бес мамандық бойынша оқиды. Басым бөлігі шәкірт-ақы алады. Жоғары сынып оқушыларына арналған тәжірибе оң нәтижесін көрсетіп жатса, алдағы уақытта жобаға қатысатын оқу орындарының саны ұлғая түспек. 

Серік Займолдин, Ойыл аграрлық колледжінің директоры:

- Ол балалар 10-шы сынып, 11-ші сыныпты да оқиды. Біздерден келіп қосымша мамандық алады. Екі мамандықты енгізіп отырық 15-15 баладан. «тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқытып отырық, сосын «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша оқытып отырық. Бұл бағдарлама енді оқушыларға өте тиімді бағдарлама. Өздерінің аттестатымен бірге, қосымша диплом алады. Бір жарым жыл оқиды.