Аудандық бюждет дұрыс бағытталуға тиіс

Аудандық бюджеттің орталыққа тәуелділігін төмендету, жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін жақсартады.

Біріккен Ұлттар ұйымының өкілдері осылай дейді. Даму бағдарламасының Қазакстандағы Басқару департаментінің басшысы Айнұр Баймырзаның айтуынша, ауыл мен аудандарға тиесілі бюджеттің дербестігін арттыру жұмыстары жүргізілуі керек. Сол арқылы өзін-өзі басқару құрылымы өзгереді. Нәтижесінде қазақстандықтар бюджетті ұжымдық басқару мүмкіндігіне ие болады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында аудан әкімдеріне қаражатты дербес қалыптастыру құқығын беру керектігін, айтқан болатын. Себебі бұл жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді, жылдам шешуге мүмкіндік тудырады.

Айнұр Баймырза, БҰҰДБ Қазақстандағы Басқару департаментінің басшысы:

- Ауыл әкімдері өз жауапкершілігін түсіне отырып Президенттің Жолдауына қарағанда өздерінің білімдерін мемлекеттік басқарудағы тиімді жолдарын  түсінуін, соған байланысты өз білімдерін көбейткісі келеді. Бұл, меніңше өте жақсы тренд немесе тенденция деп айтуға болады. Біздің байқауымыз бойынша жергілікті қауым үлкен зейінмен, талпыныспен жергілікті әкімдердің жұмысына кірісіп отыр.