Елде дәнді дақылдардың 40% жиналды
Елімізде егін ору науқаны былтырғыға қарағанда 32% баяу жүріп жатыр.
Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 40% жиналды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 72,8% болған. Жаздағы құрғақшылық шаруаларға шығын әкелді деуге негіз бар. Министрлік фермерлерді субсидиялау үшін 155 миллиард теңге сұрап отыр. Әлихан Смайылов жауаптыларға резервтен тағы 20 мың тонна арзан дизель отынын бөлуді тапсырды.