Елде медициналық диагностика қолжетімді болады
General Electric HealthCare елімізде диагностикаға арналған ультрадыбыстық аппараттар шығарып, жергілікті өндіріс үлесін арттырады.
Бұл елімізге құйылатын инвестиция мөлшері артып, жаңа жұмыс орындары құрылады деген сөз. Астанадағы ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығы ауруханасының лор дәрігері Медет Махамбеттің пікірі осыған саяды. Дәрігердің айтуынша, бұл компьютерлік томография, ангиография және маммография сияқты қондырғылардың өзіндік құнын арзандатуға сеп болмақ. Осылайша, халық үшін заманауи диагностика қызметі арзандайды.
Медет Махамбет, ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығы ауруханасының лор дәрігері:
- Шетелдік импортқа деген тәуелділік басылады. Яғни біз қазір өзімізде шығармағаннан кейін ол құрылғыларды біз шетелден сатып аламыз. Ол құрылғылар КТ болсын, МРТ болсын, не болмаса УЗИ аппараттары болсын – олардың барлығы өте қымбат бағада. Егер оны өзімізде өндіретін болсақ оның бағасы төмендейді, яғни арзандайды деген сөз. Жоқ дегенде 20-30 пайызға біздегі құнын арзандату керек.
Бірыңғай ұлттық базаның шарапаты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте General Electric HealthCare компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша президенті Роб Уолтонмен кездескен еді. Бұған дейін де компаниямен серіктестік байланысты нығайту туралы уағдаластық жасалған. Оның ішінде медициналық суреттердің бірыңғай ұлттық базасын құру бойынша бірлескен жоба бар. Медет Махамбет мұндай база диагностиканы нақты әрі қашықтан жүргізуге мүмкіндік беретінін айтады. Денсаулық сақтау министрі де инвестициялық тиімділігін атап өтті.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Бұл жоба келісімнің шамамен елімізге келетін инвестициясы 60 млн доллардан артады. Осы келісім бойынша жаслаған жұмыс денсаулық сақтау саласының әрі қарай деңгейін көтеретін болады.