Үкіметте тапсырмалардың орындалу барысы қаралды
Үкіметте Премьер-министрдің Ақтөбе облысына қатысты берілген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.
Орталық мемлекеттік органдардың басшылары Әлихан Смайыловқа есеп берді. Атап айтқанда, өңірдің шеткері аудандарын дамыту, Ақтөбе мен Хромтауда кәріз-тазарту нысандарын салу, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және «Ақтөбе-Қарабұлақ-Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау мен «Қандыағаш-Шалқар-Ырғыз» тасжолын, сондай-ақ аймақтағы жергілікті жолдарды жөндеу бойынша жобалардың іске асырылуы баяндалды. Сонымен қатар Ақтөбе мен Қарғалы су қоймаларын күрделі жөндеу, 6 жаңа ірі су қоймасын салу, 30 елді мекенді газдандыру туралы есеп берілді. Бұдан бөлек кеңесте, Ақтөбеде жұқпалы аурулар ауруханасын салу, облыстық «Фельдшерлік рюкзак» бағдарламасын басқа өңірлерге тарату және «Алақан мектеп» қауіпсіздік жүйесінің пилоттық жобасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.