Түркістан облысында аудан әкімдерін сайлаудың дайындығы басталды
Түркістан облысында аудан әкімдерін сайлауға дайындық басталды.
Мұнда Созақ, Бәйдібек, Шардара және Мақтаарал аудандарының әкімдері қайта сайланады. Созақ аудандық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, ауданда 39 сайлау учаскесі бар. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы айқындалып, 254 сайлау комиссиясының мүшесі бекітілген. Қазір күнтізбелік жоспар бойынша мамандарды оқыту жұмыстары жүріп жатыр. Олар алдағы уақытта халықпен кездесіп, заң талаптарын түсіндіреді. Аудан әкімі сайлауына үміткерлер саяси партиялар арқылы және өзін өзі ұсыну жолымен түседі. Мамандардың айтуынша, Созақ ауданы әкімінің лауазымына үміткер ретінде әзірге ешбір кандидат құжат өткізбеген.
Әбубәкір Сахиұлы, Созақ аудандық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Медиа алаң жасасақ деп отырмыз. Күнде келіп осы жерде топырлап, учаскелік сайлау комиссияларың, біздің уақытты алғаннан көрі белігілі бір уақыт белгілеп, медиа алаңда күнделікті атқарылған жұмысқа жауап беріп, болмаса түетін сұрақтарға сол жерде жауап беріп отырсақ деп отырмыз. Оған аумақтық сайлау комиссиясынан бір адам бекітілді.