«Хабар» қызметкері теннисте топ жарды
«Хабар» Агенттігінің штаттан тыс қызметкері Талғат Қалиақпаров алтын медаль тақты.
Ол Хорватияда БАҚ қызметкерлері арасында теннистен өткен әлем біріншілігінде «фьючерс» санатында топ жарды. Отандық жаңалықтар порталында жұмыс істейтін отандасымыз Қуандық Шынасыловпен бірге жұптық сында да ІІ орыннан көрінді. Тағы бір күміс медальді Талғат Қалиақпаров словакиялық әріптесі Ольга Кметовамен бірге аралас жұпта жеңіп алды. Вели-Лошинь аралында өткен додаға 11 елден 70 ойыншы қатысты.