Ұн бағасы қашан тұрақталады?

Қолдағы ұн көлемі ішкі нарықты қамтуға жетеді.

Қазір азық-түлік қоймаларында 95 мың тоннадан астам бидай бар .Енді оларды өңірлердегі диірмендерге жеткізу міндеті тұр. Қарашаны алаңдатқан жайтқа қатысты, сауда министрлігінің өкілдері осындай пікір білдірді. Министр Арман Шаққалиев бес өңірде ұн бағасының тұрақсыз екенін айтты. Әсіресе, Жамбыл, Атырау, Ұлытау мен Шымкент қалаларында баға құбылып тұр. Бірақ түйткіл, бір апта ішінде шешіледі деп сендірді.

Айдар Әбілдабеков, ҚР Сауда және интеграция министрлігі комитетінің төрағасы:

- Бір аптадан бері әкімдіктерге тапсырма бердік. Олар ауылшаруашлығы министрлігімен, азық түлік корпорациясымен меморандумға отырып, оператор белгілеп, ауыл шаруашылығы министрлігіне тізім береді. Тауар өндірушілер ұсыныс енгізіп жатыр: бүгін бидайды сатып алсақ,  өзіміздің бидайдан 750 мың тонна ұн шығарып береміз деп. Бір аптаның ішінде жағдай тұрақталады.