Жетісу облысында жануарлар дүниесіне орасан шығын келген

Жетісу облысында заңсыз аң аулағандар жануарлар дүниесіне 1 млрд 300 млн теңге шығын келтірген.

Оның 200 млн теңгесі сот шешімімен өндірілді. Қалған құқықбұзушылық бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы өңірлік орман шаруашылығы және жануралар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары мәлімдеді. Қорықшылар мен испекторлар биыл 800-ден астам рейд ұйымдастырып, 200-ге тарта заң бұзу дерегін анықтады. 4 жеке тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жетісу облысында 50 аңшылық шаруашылығы бар. Оларға бекітілген аңшылық алқаптардың ауданы — 2 млн 368 мың гектар. Бұл өңірді 500-ден астам жан-жануар мен құс түрі мекен етсе, 21 түріне аңшылық жасауға рұқсат етілген.

Дидар Байтелиев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

- Аңшылық шаруашылықтарына бекітілген аумақтарда ғана аң аулауға рұқсат етіледі. Тұяқты жануарларды атуға шыққанда жаныңызда міндетті түрде қорықшы болуы тиіс. Ал заңды бұзғандар қатаң жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік хаттама бойынша мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынса, қылмыстық істер бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жарасы қарастырылған. Оған қоса дүние-мүлкі тәркіленетінін де ескерте кетейін.