Елордада халықаралық саңыраулар күні аталып өтті

Халықаралық саңыраулар күні аясында «Екі жұлдыз» шығармашылық кеші өтті.

Шараға еліміздің барлық аймағанына келген, саңыраулар қоғамдастығының өкілдері қатысты. Кеште мүмкіндігі шектеулі жандармен эстрада жұлдыздары бірігіп өнер көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл кештің басты мақсаты қарама-қайшы екі тарап арасындағы қалыптасқан стеротипті жою.

Сайлаугүл Омарханова "Қазақстан саңыраулар қоғамы" қоғамдастығының президенті:

- Осы құлақтары естімейтін адамдардың арасында өте талантты жастар көп. Өкінішке орай олар құлағының кемістігіне байланысты, сөйлей алмауына байланысты  арнайы оқу орындарында бір мамандық ала алмайды олардың шығармашылық қабілетін көрсетуге әбден лайықты деп ойлаймын.

Дана Нұрболат, қатысушы:

- Бүгін Астана қаласында халықаралық саңыраулар күніне орай өткізілетін Екі жұлдыз атты мерекелік концерт өтейін деп жатыр. Соған біздер Қазақстанның әнші жұлдыздарымен бірге ән айтамыз. Баршанызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын.