Өскеменде «Тамақтың химиялық күюі» диагнозы қайтарылды

Өскеменде енді өңеші қызарып, ауырған науқастарға «Тамақтың химиялық күюі» деген анықтама қайта берілуі мүмкін.

Шаһарда қолайсыз метеожағдай жарияланатын күндер көп. Ондай кезде қаланы көк түтін басып, экология күрт нашарлайды. Сәйкесінше тамағы қабынып, дәрігерге жүгінетіндер саны артады.Осыған дейін ондай сырқаттарға тек "суық тию" диагнозы ғана қойылып келген еді. Енді бұл жағдай толық зерттеледі.

Айта кетсек,"тамақтың химиялық күюі" деген анықтама 2000-жылдардың басында аурулар жүктемесінен алынып тасталған еді. Содан бері қолданылмай келді.Экологтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен денсаулық сақтау басқармасының мамандары осы диагнозды жүктемеге қайтару үшін бір жыл бойы бірлесе жұмыс істеді.

Денис Шакенов, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы:

- Қазір аталған диагноз аурулар жіктемесіне қайтарылды. Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген клинкалық хаттамасы бар. Енді біз бұл анықтама ары қарай іс жүзінде қалай қолданылады, адамдарға осындай диагноз қандай жағдайда қойылады. Соған мониторинг жүргіземіз.