Петропавлда басқарманың бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды
Тергеу барысында Ілиясовтың «пара алды және бюджет қаржысын аса ірі мөлшерде талан-таражға салды» деген кінәсі толық дәлелденді.
Ол бұған дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде жүргенде де осындай қылмысқа барған. Сондай-ақ әкімдік қарамағындағы коммуналдық кәсіпорын директоры 7 жылға, ал шенеунікке пара берген 2 кәсіпкер 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Әзірге үкім өз күшіне енген жоқ. Күдіктілер әлі аппеляциялық сотқа шағымдана алады.
Тахмина Собирова, қалалық соттың судьясы:
- Бахыт Ілиясовқа 8 жыл жаза тағайындалсын. Сонымен қатар қылмыстық жолмен тапқан мүлкі: квадрацикл, 2 көлікті айырбастау арқылы иемденген 12 996 500 теңге және қонақ үйде демалғаны үшін төленген 155 250 теңге өндірілсін.