Қостанай облысындағы ауруханалар қарызға батты
Қостанай облысындағы ауруханалардың қарызы қордаланып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Коммуналдық қызметке, дәрі-дәрмек пен азық-түлік тасымалдаушыларға қарызы 3 млрд 600 млн теңгеге жетті. Әсіресе Қостанай мен Рудный қаласындағы ауруханалар мен облыстық балалар ауруханасында жағдай күрделі.
Айта кеткен жөн, күрделі операциялар негізінен осы емдеу мекемелерінде жасалады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан берілетін төлемақы шығынды жаппайды. Мамандардың айтуынша, жалақының жыл сайын өсуі де өз әсерін тигізіп отыр. Бөлінетін қаржының 85%-і еңбекақыға жұмсалады, - дейді олар. Медицина мекемелерінің былтырғы қарызын өтуге жергілікті бюджеттен 700 миллион тенге бөлінді. Бірақ ол жетпей қалды. Енді ауруханалардың ішінде оңтайландыру жүргізуден басқа амал жоқ, - дейді сала басшылары.
Данияр Жандаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Кадрлық саясатты, дәрілік препараттарды алу келісімшарттарын оңтайландырамыз. Кредиторлық борышты азайту үшін жыл аяғына дейін осындай жұмыстар жүргізіледі. Дәрі-дәрмек, басқа да материалдарды үнемдеуге тура келеді. Алайда медициналық қызмет көрсету тарифын өзгерпейінше қарыз қамытынан еш құтылмаймыз.