Алматыда StudUnion студенттер қауымдастығы құрылды

Оның құрамына  жоғары оқу орындары жанындағы жастар ісі комитетінің көшбасшылары кірді.

Олар студенттердің бастамаларын жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетеді. Қандай мәселені болсын ашық талқылауға дайын. Оларды қолдау үшін жобалық кеңсе ашылды. Көшбасшы жастар бұл жерде бастамалармен қоса, түйіткіл жайттарды талқылайды. Сонымен қатар, волонтерлықты дамыту, экологияны жақсарту сияқты мәселелерге үлес қосады. Интеллектуалдық ойындар ұйымдастырады. «Қауымдастық мүшелері студенттер мен жергілікті билік арасындағы байланысты арттыра түсуге үлес қосамыз»,-дейді.

Фархад Батырхан, жоба жетекшісі:

- Жылдың аяғына дейін жасап отырған жобамыз екі жоба. Біріншісі кемпинг жасаймыз. Екіншісі «Жаңа белес» премиясын ұйымдастырамыз студенттер күніне. Бұл проектілерді біз студенттерден күтеміз инициативасын. Олардың қандай инициативалары бар? Бұл жерде тимбилдинг бар. Бұл жерде студенттердің көшбасшылықтарын қалыптастыру. Бұл жерде студенттерді интеграциялау.

Жұлдыз Жорабек, жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы:

- Бізде 35 жоғары оқу орны бар. Сол 35 жоғары оқу орындарының басын қосып, комитет басшыларының басын қосып, Алматы қаласының дамуына үлес қосу мақсатында жасалып жатыр. Мемлекеттік тапсырыс деңгейінде жасалып жатыр бұл жоба.