«Іле - Балқаш» резерватын күзету кезінде орманшылар басын қатерге тігеді
Аумағы мыңдаған гектарға созылып жатқан «Іле - Балқаш» резерват қорығында аң-құс пен өсімдіктің сан алуан түрі бар.
Оны қорғау орманшылардың міндеті. Жауапкершілігі зор мамандықты екінің бірі таңдай бермейді. Бұл қызметте басын қатерге тігетін кездер де болады. Мәртебелі мамандық иесі- орманшылар туралы келесі материалда.
Іле-Балқаш табиғи резерваты 415 мың гектарға созылып жатыр. Ұлан ғайыр алқапты табиғи апат пен адамның қастандығынан сақтау оңай емес. Орманшы Болат Мүлкібеков өлкенің қуыс-қалтырысын жақсы біледі. Қарамағындағы қызметкерлерге бар білгенін үйретуден жалыққан емес.
Нариман Қасабеков, мемлекеттік инспектор:
«Тәжірибе, тәлімді осы кісіден аламыз. Мұғалім деп есептейміз. Зейнеткерлікке шыққанға дейін осы кісінің тәжірибесін пайдаланып қалуға тырысып жатырмыз. Және артымыздағы жас буынды да тәрбиелеп келе жатыр бұл кісі. Еңбек сіңіріп жатыр».
Президенттің өзі тал егу, орманды алқаптарды ұлғайту ісіне тікелей назар аударып отыр. Балқаш пен Іле атырабы сексеуілді өңір. Жыл сайын сексеуіл орманын молайту мақсатында жас көшеттер егіледі. Биыл резерват аумағында 125 гектар жер бөлінген.
Болат Мүлкібеков, "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының бөлім басшысы:
«Осы күзде қазан ноябрь айларында тұқымын жинап, жыртып егетін науқан басталып кетті. скл «жылдан жылға кеңейіп жатыр ғой».
«Іле-Балқаш» резерват қорығында 40-қа жуық сирек кездесетін жануар мен 430 өсімдік түрі бар. Көбі Қазақстанның Қызыл кітабына және Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне енгізілген. Соларды қорғау орманшылардың міндеті. Мысалы, Іле бөріқарақаты эндемикалық өсімдік. Ол басқа жерде кездеспейді. Ал тораңғыл болса шөлейттің сән
Алмас Садуақас, тілші:
«Тораңғы елІміздің шөлді өңірінде ерте заманнан өсіп келе жатқан қасиетті де киелі ағаш. Халқымыз тораңғыны шөл даланың падишасы деп ерекше қастерлеген. Ал оны отын ретінде отауға, тіпиті жас бұтақтарын кесуге рұқсат етпеген».
Болат Әбенұлы «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ұстанымдағы маман. Ол алты жыл Алматы облысының «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында» бөлім маманы қызметін атқарды. 2011 жылдан бастап «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде арнайы топ басшысы болды. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Іле Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында мемлекеттік аға инспекторы қызметін атқады.
Болат Мүлкібеков, "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының бөлім басшысы:
«Биылғы жылы осы тоғыз ай ішінде 34 материал өткізілді. Орман шаруашылығының заң бұзушылықтары бар. Бұрынғы жылы резерват құрылмай тұрғанда көбірек болатын. Енді жылдан жылға азайып келе жатыр».
Табиғат қауіпсіздігін қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Қоршаған ортаның сан алуан құбылыстарына шыдас беріп, жазда өрттен сақтау, қыста заңсыз аңшылыққа жол бермеу, айналаны көгалдандыру секілді жұмыстарда тәжірибесі мол Болатбек Әбенұлы секілді мамандардың орны бөлек.
Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев, Аманжол Жөнкешов