Итбалық өлімі азаймай тұр

Каспий теңізі маңынан тағы да 25 итбалық пен отыздан аса бекіре тұқымдас балықтың өлексесі табылды.

Арнайы жұмыс тобы құрылып, теңіз сүтқоректілерінің қырылу себебі анықталып жатыр. Мамандар су, ауа, топырақ және өлі балықтардың тіндерінен сынамалар алады. Әзірге белгілісі, су жануарларының өлекселері әр түрлі дәрежеде ыдыраған. Бұл өлімнің бір уақытта болмағанын көрсетеді. Қазір өңірде оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.