Маңғыстау облысында итбалық пен бекіренің қырылу себебін анықтап жатыр

Маңғыстау облысында итбалық пен мен бекіренің неден қырылғанын ғалымдар анықтайды.

Экология министрлігі бұл деректің мұнай қалдығымен байланысы жоқ екенін мәлімдеді. Түпқараған ауданы Баутино жағажайында кеше 59 итбалық пен 67 бекіренің өлексесі табылған еді. Бұл өлекселер теңіздегі күшті дауылдан  құрлыққа шығып қалған болуы мүмкін деген болжам бар. Мамандар аумақты зерттеп ауадан, топырақ және судан сынамалар алды. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.