«Ауыл – ел бесігі»: Павлодар облысында бірқатар нысан күрделі жөндеуден өтті
Павлодар облысында биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға шамамен 10 миллиард теңге бөлінді.
Шарбақты ауданының Хмельницкий елді мекенінде бірнеше әлеуметтік нысан күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ жолдар салынып, спорттық ғимараттардың құрылысы жүріп жатыр.
Мыңға жуық халқы бар ауылда дене шынықтыру-сауықтыру кешені бұрын болмаған. Жаңа нысан қараусыз қалған саябақтың орнында салынып жатыр. Жоба шеңберінде спорт орталығының аумағы абаттандырылады. Шағын футбол алаңы да болады.
Дарын Тәуірбаев, мердігер ұйым өкілі:
– Осындай ауылдық жерге спорт кешенін салу дұрыс қой. Жастардың барлығы көтеріліп, темекіге, араққа салынып кетпегендей. Жастар келеді, өздері де құмар. Бізге көмектесті. Жастар, ауылдың жартысы бізде жұмыс істеді жаз бойы әлі де істеп жүргендер бар.
Тұрғындардың мүддесі мен сұранысы – еліміздегі экономикалық даму стратегиясының өзегі. Яғни, адамның қажеттілігі әрдайым басты назарда болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Жолдауында айтқан болатын.
Татьяна Ляхова, Шарбақты аудандық мәслихатының депутаты:
– Жобалардың барлығы халықтың сұрауы бойынша жүзеге асырылуда. Ауылдағы мектеп күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар мәдениет үйі, мектеп пен спорт кешенін жылумен қамту үшін қазандық салынды. Енді заманауи балалар ойны алаңы, қауіпсіз қоршаулар да орнатылады.
Ауыл көшелердің барлығына асфальт төселіп, толық жарықтандырылды. Жұмыстарды жүзеге асыру барысын бақылап, жобаларды мақұлдауға жергілікті тұрғындар да араласты.
Әсемгүл Шамхамбетова, ауыл тұрғыны:
– Бақылау жұмысы күнделікті жүргізіл отырды. Депутаттар, әкімдік және ауыл тұрғындарымен бірге бірлесіп, ақылдасып, тексеріп отырды. Құрылыс орындары орындарын.
Юрий Сироткин, зейнеткер:
– Қуанышымызды шек жоқ. Мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отырмыз. Өзім мұғалім болғандықтан, мектептің болашағына алаңдаймын. Мердігер ұйымдар біздің ұсыныс-тілектерімізге құлақ асты. Енді міне сүйікті мектебімнің адам танымастай өзгергенін көріп отырмын.
Бағдарлама аясында мектептің жылыту жүйесі жаңартылды. Ескірген едендер ауыстырылып, сыныптардың барлығы жөнделді. Осылайша, 300 оқушы үшін білім алуға қолайлы жағдай жасалды.
Жангүл Өмірбаева, Хмельницкий орта мектебінің директоры:
– Мектеп жақсы болып қалды. Батареялара уыстырылды, мектептің ішінде жылы. Керемет ремонт спорт залда болды. Енді көп секциялар өткізіп жатырмыз.
Ауданның инженерлік-инфрақұрылымы да жақсара бастады. Қазір ауылда сапалы ауызсу, жылдамдығы жоғары интернет бар. Десе де, соңғы уақытта су тарату жүйесінде олқылықтар пайда болған.
Ақмарал Есімханова, тілші:
– Ауыл тұрғындарын алаңдатқан ескірген су тарту мұнарасы. Нысан 18 жыл бойы үздіксіз қолданыста болғандықтан, істен шыға берген. Енді бұл проблема да шешімін табады. Тұрғындардың өтінішімен жаңа мұнара салынып, қолданысқа беріледі.
Ақмарал Есімханова және Марат Игіліков