ДДСҰ-ның жаһандық жиынына медицина серкелері толық жиналды
Елордада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясы жалғасып жатыр.
Елде алғаш рет өтіп жатқан ауқымды жиынға кәрі құрлықтағы медицина саласының серкелері толық жиналды. Бірнеше күнге созылатын шарада төтенше жағдай кезіндегі медициналық көмек пен босқындар денсаулығы қаралады. Нәтижесінде қатысушылар саланы дамытуға бағытталған қарар қабылдауы тиіс.
Бекзат Аманов, тілші