Шет мемлекеттер басшыларының құттықтауы

Республика күніне орай Қазақстан Президентінің атына өзге шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп түсіп жатыр.

Атап айтқанда, Қытай, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, АҚШ, Әзербайжан елдерінің Президенттері өздерінің ізгі тілектерін жолдаған. Мәселен, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин соңғы жылдары Қазақстанда тұрақты экономикалық даму байқалатынын, еліміздің өңірлік және халықаралық істерде ықпалы күшейіп келе жатқанын атап өтті. Ол өз хатында «өзіңіз бастамашы болып, жүзеге асырып отырған Жаңа Қазақстан құру идеясы зор жетістікке жететініне сенімдімін. Сізбен бірге мәңгілік және жан-жақты стратегиялық серіктестікке негізделген қытай-қазақ қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеру үшін күш салуға дайынмын», – деп жазған.

Цитата:

«Өзіңіз бастамашы болып, жүзеге асырып отырған Жаңа Қазақстан құру идеясы зор жетістікке жететініне сенімдімін. Сізбен бірге мәңгілік және жан-жақты стратегиялық серіктестікке негізделген қытай-қазақ қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеру үшін күш салуға дайынмын».