Ақтөбеде мұқтаж жандарға пәтер кілті табысталды

Ақтөбеде әлеуметтік осал топқа жататын 10 отбасына арендалық пәтер кілті табысталды.

Көптен кезекте тұрғандар мереке қарсаңында баспаналы болды. Соңғы үш жылда мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылары мен балалар үйіде тәрбиеленгендерге облыс орталығынан 210 үй үлестірілді. Жергілікті билік жыл соңына дейін тағы 624 пәтер беруді жоспарлап отыр.

Жанаргүл Иманбаева, қала тұрғыны:

- Мен 2009-дан бері акиматта жетімдер кезегінде тұрмын. Үш бала-шағам бар, жолдасым бар. 5 адамбыз. 14 жылдан бері күткен қуанышым. Бүгінге бұйырып тұр үй алу уақыты. Қуаныштымын әрине. Рахмет көп-көп.