Ш. Әбілев: Егемен елімізді бүкіл әлем біледі
Республика күнінің әр азамат үшін орны ерекше.
Елдігімізді айқындап, болашағымызды бағдарлап берген бұл күннің тарихи мән-маңызы ерекше. Бұл дата – еліміздің егемендік жолында алғашқы қадам жасап, жаңа белестерге ұмтылуының символы.
Шахимардан Әбілев, Қазақстанның халық әртісі:
- Бүгін – біздің Республика күні. Бүгін – біздің қазақтың әлемдік күні. Қазақ елінің күні, Қазақ елінің нұры, жұлдызы жанып тұрған күн. Егемен елімізді бүкіл әлем біледі. Тілімізді, тарихымызды, ділімізді. Сіздерді осы күнмен құттықтаймын. Елдің бірлігінен асқан бақыт жоқ. Бірлік болсын, ел үшін жұмыс жасайық.
Максим Споткай, ҚХА мүшесі:
- Дәл осы күннен бастап біздің тәуелсіздігіміздің жылнамасы, тәуелсіздігіміздің тарихы бастау алады. Сондықтан декларацияның маңыздылығын жастар арасында, еліміздің азаматтары арасында дәріптеуіміз, түсіндіруіміз керек. Республика күнімен баршаңызды құттықтауға рұқсат етіңіздер. Баршаңызға бақ-береке тілеймін, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын.