МСАК бойынша Қазақстан көп елден ілгері
Медициналық санитарлық алғашқы көмек бағыты бойынша Қазақстан көп елден көш ілгері тұр.
Швецияның ұлттық денсаулық сақтау және әл-ауқат кеңесінің бас директоры Оливия Визель осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Швецияда медициналық санитарлық алғашқы көмекті қаржыландыру көлемі бар болғаны 20 пайызды құрайды. Бұл тұста Қазақстаннан тәжірибе алуды көздеп отырмыз, дейді. Бүгін Астанада дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші отырысы кезекті жиынын өткізіп жатыр. Сала сарапшылары денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мәселелерін талқылады. Дәрігерлердің құқығы қорғау, біліктілігін арттыру, салаға цифрлық технологияларды енгізу сынды мәселелерге қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті. Айта кету керерлігі, Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ Еуропалық бюросы 2024-2025 жылдарға арналған екі жылдық ынтымақтастықты дамытуға келісті. Еуропалық бюро Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға 1,8 млн доллар бөлмек. Бұл қаражат медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыру, ана мен бала, жаңа туған нәрестелер мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтауға, онкологиялық және басқа да жұқпалы емес аурулармен күреске бағытталмақ.
Оливия Визель, Швеция ұлттық денсаулық сақтау және әл-ауқат кеңесінің бас директоры:
- Мені таң қалдырғаны Медициналық санитарлық алғашқы көмек бағыты бойынша Қазақстан көп елден ілгері тұр. Алғашқы санитарлық көмек тұрғындарға қолжетімді болу үшін ең әуелі білікті кадрлар жасақтау маңызды. Ауру-сырқаудың белгілерін бастапқы кезеңінде анықтау және тосын сын-қатерлерге дер кезінде назар аудару үшін әлеуетті арттыра беру қажет. Мәселен біз бұл саланы дамытуға енді көңіл бөліп жатырмыз. Қазақстаннан үйренетін нәрсе көп екен.